Ғазиза Әбдінәбиева

Актриса Ғазиза Әбдінәбиева Қызылорда облысы Сырдария ауданы Торғатай ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері.

Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) «Актерлік шеберлік» факультетін бітірген. Консерваторияның 4-курсында оқып жүріп 1969 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 1969-1993 жылдары осы театрда аянбай еңбек етеді.

1993жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік бөліміне ауысады.

Ғазиза Әбдінәбиеваның фильмдерде сомдаған рөлдері:
1977 – «Нан» – Жамал (реж. А. Тәжібаев)
1982 – «Қауын» – бас кейіпкердің зайыбы (реж. В. Пұсырманов),
1990 – «Қыз жылаған» – Әсия (реж. С. Нарымбетов),
«Жел адам» – ауыл тұрғыны,
2009 – Сіз кімсіз, К мырза?» – жолсерік (реж. Қ. Ахметов),
2009 – «Біржан сал» – Бүрме әже (реж. Д. Жолжақсынов),
2011 – «Айналайын» – Сәлима (реж. А. Сатаев);
1996-2000 – Тоғысқан тағдырлар (Роза)
2001-2003 – Саранша (Марго)
2002 – Ләйләнің зары
2007 – Однажды в багажнике – Женщина на вокзале
2008 – Откройте дверь, я счастье
2012-2013 – «25 км» Қарлығаш (реж. И.Пискунов)
2012-2013 – «Домашние войны» Әже (реж. А.Кирюшенко)
2014 – Кемпір» Күлпәш (реж. Е.Тұрсынов)
2015 – Зауал» Әже (реж. Ж.Айбасов)
2015 – «Побег из аула» Тетя героя (реж. Н.Адамбаев)

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!