Kyzylorda-news.kz. Алматыда әскери ұшақ құлаған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.Бүгін сағат 17:25-те Алматы қаласы әуежайының диспетчерлік қызметіне сағат 17:22-де Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайының маңына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат келіп жетті.Оқиға орнында Өрт сөндіру 11-бөлімінің (1,2) қызметкерлері, республикалық жедел-құтқару отрядынан 9 адам, 1 техника, 1 кинологиялық қызметкер, сонымен қатар Алматының құтқару қызметінен 5 адам мен 1 техника жұмыс істеп жатыр.Сонымен қатар, оқиға орнында Ұшудың іздеу-апаттық қамтамасыз ету қызметінің 4 техникасы мен Алматы облысы Өрт сөндіру және құтқару қызметінің 2 техникасы бар. Ұшақта шыққан өрт ауыздықталды.Сондай-ақ ол жерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жедел-құтқару жасағының 10 тобы жұмыс істеп жатыр.Расталған мәлімет бойынша, әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам Іле ауданындағы ауруханаға жеткізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!