Белгісіз ер адам Алматы аудандық және қалалық соттарының, сондай-ақ Алматы облысы облыстық сотының және Талдықорғандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына бомба қойылғаны туралы хат жолдады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Ол билікке бопсалау шарттарын қойған. Дәл қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Жедел іздестіру тобы іске кіріскені мәлімделді.

Өткен жылмен салыстырғанда мұндай хабарламалар бойынша 68%-ға көп қылмыстық іс қозғалды. 101 істің тек 12-сінде ғана қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

Жыл басынан бері «миналау» үшін 11 адам сотталды, оның 6-ы – бас бостандығынан айырылды.

Кейбір жағдайларда «бомбалаушылар» шетелден болып келеді.

Шетелдік серіктестерден мәліметтерді ҚР Бас прокуратурасы арқылы алуына қарай шет елдердің құқық қорғау органдарына халықаралық тергеу тапсырмалары іске асырылады. Мұндай тапсырмалар Ресей, Швейцария, Малайзия және Украинаға жіберілді.