Алматы облысында жол жиегінде тұрған анасы мен қызын көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

«20 қазан күні сағат 09:50 шамасында Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші «Алматы-Алатау» автожолымен батыс бағытта келе жатқан. Трассаның 4 шақырымында, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасау кезінде рульге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кетті.

Жол-көлік апаты салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қаза болды», – делінген полиция мәліметінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!