Алматы қаласының полициясына бірден алты нысанға бомба қойылғаны туралы хабар түсті деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, қаланың жедел қызметі бомба қойылғаны туралы хабар түсісімен қала аумағында орналасқан алты объектіде тексеру жүргізген.

Атап айтқанда, үш банк, Қазақ-Британ техникалық университеті, автоорталық және әуежайға бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті.

«Қазіргі уақытта бес нысан тексеріліп, ақпараттың жалған екені анықталды. Тағы бір нысанда, яғни, қаладағы банктердің бірінде тексеру жұмысы жалғасып жатыр»,- деп хабарлады полиция.

Іс-шараға сапер бөлімшелері мен арнайы мамандар жұмылдырылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!