Алматыда әжелердің құлағынан сырғасын жұлып алып, оны ломбардқа өткізіп ақша тапқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.

37 жастағы қаскөй көшеде әжелерге шабуыл жасаған. 

Күдіктінің кейбір қылмысы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Ер адам өзіне қарсы тұра алмайтын, 60 жастан асқан әйелдерді ғана тонаған. Күдікті қамауға алынды. Бұл – 37 жастағы Б. есімді азамат. Айтуынша, ол қарт кісілердің сырғаларын ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажетіне жұмсаған», – деді Алмалы ауданы полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Полиция ақпаратынша, күдікті еш жерде жұмыс істемейді, бұрын сотталған. Бұл факті бойынша көп эпизодты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Түркістан облысының тумасы Алматыға жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Ер адам қалада жалдамалы пәтерлерде тұрған.