Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселе көрші мемлекеттердің бірінің азаматы туралы болып отыр. Ол белгілі болғандай, Францияның құқық қорғау органдарымен іздеуде болған.

32 жастағы К.есімді азамат аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ақшаны жымқыру бойынша айыпталып отыр.

“Іздеудегі азаматты Алматы қаласының көші-қон қызметі, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Ұсталған адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген деректе.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!