Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды. Полиция 11 адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Бейнежазбада бұл жағдайдың университет жатақханасының бірінде болғаны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жастар арасындағы жаппай төбелес 23 ақпан күні 23:00 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.

«Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!