Ақпанның бірінен бастап Қарағанды облысының 1-ші және 2-ші сынып оқушылары мектеп асханаларында тегін тамақтанады.

Қазір 1 жылға жуық жабық тұрған асханаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, ас-ауқат дайындауға әзірленіп жатыр. Бұл мақсатқа бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген.

Облыста ата-аналар мен оқушыларға ыңғайлы болу үшін «Е-Асхана» жобасы енгізіледі.

Облыстық білім басқармасының айтуынша, «Е –Асхана» арқылы балалар қолма-қол ақшасыз QR-код арқылы тамақтарын ала алады. Сатып алған уақытта ата-ананың телефонына қандай тамақ алды, рұқсат етілмеген тамақ алған жоқ па деген сыңайда ақпарат келіп отырады. Ата-ана карточкалық есеп жүргізе алады және құрылғы арқылы ас мәзірін тапсыра алады.