Ақтөбе облысында боран соғып, салдарынан Самара – Шымкент тасжолында 11 көлік соқтығысып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болған.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

«Ақтөбе облысының полицейлері жол қозғалысы кезінде жылдамдықты, арақашықтықты сақтауды ескертеді. Көктайғақ кезінде көлік құралдарының жүргізушілері кенеттен маневр жасамауы тиіс. Ал, жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде жақын маңда автокөліктің жоқ екеніне көз жеткізуі керек», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облысында қазір бірнеше бағытта жол жабылды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!