Бұған дейін, Асқар Жалдинов Salem Social Media компаниясы түсірген «5:32» сериалының кейбір эпизодтарының плагиат екенін айтып, сотқа жүгініп, моральдық шығын ретінде 300 миллион теңге сұраған болатын.

Қазақстандық автор Асқар Жалдинов атышулы “5:32” сериалының авторлары мен Salem Social Media компаниясына қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Асқар Жалдинов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Бұған дейін, Асқар Жалдинов Salem Social Media компаниясы түсірген «5:32» сериалының кейбір эпизодтарында өзінің «Протоколдан тыс: Қазақстандағы атышулы қылмыстардың құпиялары» кітабының бір тарауынан алынған, яғни жұмыстың плагиат екенін айтып, сотқа жүгінген болатын.

“Мәселе ақшада емес, принципте! Бүгін сот менің пайдама шешім шығарды. Шешім күшіне енсе, Salem Social Media, режиссер Әлішер Өтев және сценаристер Литовченко мен Қадырсейіт менің «Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстардың құпиялары» кітабымды «5:32» сериясын жасау кезінде дереккөз ретінде қолданғандарын көрсетуі керек болады. Оған қоса олар маған өтемақы төлейді. Мен айтқаннан өтемақы мөлшері аз болғанымен, кінәлілердің бір теңге төлегінінің өзі менің дұрыстығымды дәлелдеуге жетеді. Ешқашан ешкімге жамандық тілеген жоқпын. Мен жай ғана авторлық құқығымды қорғадым”, – деп жазды автор. 

Еске салсақ, бұған дейін Асқар Жалдинов «5:32» сериалын түсіргендерден моральдық шығын ретінде 300 миллион теңге сұраған болатын.

Фото: Stan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!