Иә, дұрыс айтады. Қазіргі таңда еңбек етіп, кәсіп жасаймын деген адамға көп мүмкіндік бар. Еңбек ете жүріп, бақыттың дәмін татасың! Еңбек етсең, жалқауланбасаң бақытта, байлықта болады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген абай атамыздың мақалы бар. Сондықтан кішкентай кезіңнен еңбектенсең, өскенде мұратыңа жетесің деп анам үнемі айтып отырады. Біз бақыттымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш.Бейбіт заманда ата-анамыздың қасында алаңсыз білім алып жатырмыз.Әр адамның өмірі әртүрлі болғандықтан, ертеңгі күні не болатынын білмейміз. Итальяндық ғалым, суретші  Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген қанатты сөзінде  қандай керемет мағына жатыр. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.Сөзімді қорытындылай келе еңбек еткен әр күніміз біздің ең бақытты күндеріміз.Себебі өмірі бос өткен адамдар ең бақытсыз адамдар. Бай-бақуатты өмір сүру үшін адамдар жұмыс жасайды. Тек жұмыс. Ерінбей, кейінге қалдырмай, уақытылы атқарылған жұмыс қана шынайы байлыққа, білімге, даналыққа жетелейді. Еңбек – өмір өзегі, бақыт кілті.

Нұрхан Шүлезбай

Қазалы ауданы,

Бірлік ауылы, 

№ 102 орта мектебі

4-сынып оқушысы 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!