Прокуратура органдары халық арасында көз жұмғандардың қаза болу мән-жайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
«Әр жағдай бойынша өлімнің себептері толық зерделенуде. Осыған байланысты, прокурорлар 3 дерек бойынша қылмыстық істерді адам өлтіруге қайта саралады. Сонымен бірге, келтірілген деректер түпкілікті емес, жұмыс көп еңбекті қажет ететінін атап өтемін», – деді Бас прокуратура өкілі.

Құқық қорғау органдары қылмыстық істерді тергеу мен қоса, жымқырылған қаруларды іздеу және оларды алып қою жұмыстарын жүргізуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!