Бас прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы оқиғаларда жасалған қылмыстардың мән-жайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.
«Ел Президентінің ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында келесідей жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні соттар қаңтар оқиғаларына байланысты 9 257 әкімшілік істі қарады. Олардың жартысына жуығы ешқандай жаза қолданбай қаралды – 4 584 адамға сот ескерту жасады», – деді спикер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!