Тиісті органдар тексеруді бастады.

Атырауда ит шабуылының салдарынан сегіз жасар бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Атырауда 8 жасар балаға ит шабуыл жасады, ол жансақтау бөлімінде. Бас және аяқ терісі жұлынған, травматикалық шок жағдайындағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Оқиға 15 ақпанда сағат 19.00-де болды.

«2015 жылы туған бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция жасалды. Жағдайы тұрақты. Куәгерлердің айтуынша, балаға ит шабуыл жасаған. Тиісті органдар тексеруді бастады», – деп хабарлады Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

sn.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!