ТАҒАЙЫНДАУ

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының 2022 жылғы 10 маусымдағы №83 бұйрығымен Қабақов Азамат Жанатұлы басқарманың баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.
Азамат Қабақов 1991 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан-Павлодар телеарнасынан бастаған. Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, облыстық Қазақстан-Қызылорда телеарнасының редакторы, «Ел тілегі» газетінде менеджер-журналист болып жұмыс жасаған. 2017 жылдан бастап облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Өңірлік коммуникациялар қызметінде маман, бөлім басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!