Елімізде тұрақты мемлекеттік аппарат құрылып, мемлекеттік қызмет институттары жетілдірілді. Бұл шаралар басқару құрамының тиімділігін арттыру және жүйенің позициялық элементтері бар мансаптық модельге көшуі үшін жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік міндеттерді шешу үшін орта мерзімді перспективаға мемлекеттік қызметті дамытудың одан арғы векторы мемлекеттік аппараттың артық бюрократия мәселелерін шешуге бағытталған. Халықпен қарым-қатынасты және өзара іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тартуға, кадр процестерін автоматтандыруға және персоналды басқару қызметтерін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін күшейту үшін қайта бағдарлауға бағытталатын болады. Бұл бағытта бірқатар нақты қадамдар қабылданды. Мәселен, жоғары әдеп стандарттарына негізделген мемлекеттік қызметтің мінсіз имиджі кәсіби мемлекеттік аппарат белгісінің бірі болып табылады. Бұл ретте қызметшілер тарапынан кез келген кір келтіретін теріс әрекеттер азаматтардың көңіл-күйлеріне дереу әсерін тигізеді.
ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми мәліметі бойынша 2021 жылы 10 мыңнан астам мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын және қызметтік әдепті бұзушылық оқиғасы анықталған.
Жалпы, 2021 жылы 256 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауаптылыққа тартылды (атап айтқанда, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін – 241, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін – 2, әдеп нормаларын бұзғаны үшін– 22).
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесін және іскерлік қасиеттерін одан әрі жақсарту мақсатында 2022 жылдың ақпан айында Әдеп кодексінің жаңа редакциясы қабылданды. Осы кодекс аясында мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді.

Дина ҚҰРМАНҒАЗЫ,
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының аға сот приставы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!