Балжан Бидашқа бұрынғы жігіті түн ортасында гүлмен келемін деп Жаханнан оңбай таяқ жеді. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актер Жахан Отарғалиевтің жақын інісі ағасына пранк жасап, әзілдесемін деп шындап таяқ жеп қалды. Сценарий бойынша актер жігіт гүл алып келіп Балжанға беріп, кешірім сұрау керек болатын. Алдын ала келісілгендей белгісіз жігіт Жаханның үйіне көлікпен келіп, «Балжан» деп айғайлайды. Үйден Балжан шығады, артынша Жахан да келіп жетеді. Гүл ұстап тұрған азаматпен Жахан амандасып, кім екендігін сұрайды. Ал жігіт: «Мен саған емес, Балжанға келіп тұрмын» -дейді. Бірден ашуға мінген Жахан гүлін басына лақтырып, соққыға жықты. Тіпті мұның әзіл екенін Жаханға түсіндіру мүмкін болмады. Қысқасы ойын түбі отқа айналды. Амалсыздан видеоға түсіруді тоқтатуға тура келді. Тек көп уақыт өткеннен соң ғана пранк екенін білген Жахан: «Үймен пранк жасаңыздар, машинамен жасаңыздар басқа заттармен жасаңыздар. Бірақ отбасы самый слабый жермен жасамаңыздаршы құрметті пранкерлер», -деп сөзін аяқтады.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!