Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
2026 жылдың 12-14 мамыр аралығында қала көлемінде өткізіліп отырған «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс шарасы барысында қала аумағындағы барлық мектептерде «Біз қылмысқа қарсымыз» челленджі ұйымдастырылып, кездесу жиналыс, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Жас жеткіншектерге төмендегі үндеу жолдануда:
Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің.
Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл.
Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста.
Өз тағдырың-өз қолыңда.
Өзіңе сен.
Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан.
А. Ерназарова Қызылорда КПБ ЖПҚБ ЮПб аға УПИ-ры полиция подполковнигі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!