Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны не себепті салдырмай жүргенін түсіндірді.
⠀
«Бүгінде биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу институты негізінде алғашқы серияны шығарды. Біз клиникалық зерттеулер бойынша техникалық есептерді күтіп отырмыз. Ол құжаттарды сәуірдің соңында тапсырады», – деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
▪️Министр техникалық құжаттар дайын болғаннан кейін қазақстандық вакцинаны салдыруға дайын екенін жеткізді. Алайда отандық екпе әзірше өндірістік ауқымда шығарылмайды. Себебі зауыттың құрылысы аяқталмаған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!