Танымал әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды. Суыт хабарды мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.»Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты.Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», – деп жазды Нұрқиса Дәуешов.Еске сала кетсек, бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқанын жазған едік.Кейінірек, әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев халық әртісінің жағдайы күрт нашарлағанын хабарлаған болатын.“Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін», – деген еді Біржан Хасанғалиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!