Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлының қатысуымен болған төбелеске қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Жаттықтырушы болған оқиғаны және онда ұлының қатысқанын растады. 

«Иә, менің ұлым. Ол кәмелетке толған. Барлық әрекеттеріне өзі жауап береді. Шешімді құқық қорғау органдары қабылдайды», – деді Дәулет Тұрлыханов.

Еске салсақ, Танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Онда жігіттің қызға қол көтеріп жатқанда араша болған адвокаттарға да шабуыл жасағаны белгілі болды. 

Кейін Нұрасыл есімді бұл жігіттің елге сыйлы спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екені анықталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!