Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі аясында  студент жастармен «Jas Otan Cases» ашық диалог өтті.

Кездесуде  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді үлес қосқан журналист,  дипломат  Уайыс Ержан  Үбәйдаұлы Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» үндеуін жастарға түсіндіріп, еркін пікір алмасты.

Ержан Үбәйдаұлы  Түркістан облысы Отырар ауданында дүниеге келген.  Ұзақ  жылдар бойы Алматыдағы  қазақ телевизиясында қызмет атқарған. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен бірге Қазақстанның барлық облыстарын аралап, шетелдік іссапарларда арнайы репортаждар әзірлеген.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң шетелде аккредитацияға тіркелген тұңғыш қазақ  журналисі, Қазақстан телевизиясы мен радиосының Түркия Республикасындағы тұңғыш тұрақты арнаулы тілшісі болды.

1993 – 1999 жылдары Стамбул қаласында Қазақстанның тұңғыш Бас консулы қызметтерін атқарып, екі ел арасындағы әріптестік, туыстық қарым – қатынастың қалыптасуына айырықша қызмет етіп, достық көпірінің негізін қалауға үлесін қосты.

         

Қазақстан Республикасы Ұлттық  баспасөз клубының вице – президенті қызметінде болып бұқаралық ақпараттық құралдары жұмыстарының дамуына ықпал етті.

«Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері»,
«ҚР мәдениет қайраткері», Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Журналистер Одағы сыйлығының иегері.

Қазақстан Республикасы Президентінің 5 желтоқсан 2008 жылғы Жарлығымен  «Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері» атағын алды.

Қазақстанның Тәуелсіздігі, сыртқы қатынастары, Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстар және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы түсірілген телевизиялық деректі фильмдердің, Тұңғыш Президент пен Қазақстан туралы көркем суретті бірнеше фотоальбом – кітаптардың  (Түркияда басылып шығарылған) авторы.

Кездесу соңында жастар кеш қонағына қойылған сұрақтарына жауап алып, естелік суретке түсті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!