Тоқты

Әріптестік қарым-қатынаста сақ болыңыз. Кикілжіңнен бойыңызды барынша аулақ ұстаңыз. Жақын арада іс-сапармен өзге өңірге шығасыз. Көп адамдармен танысып, дос қатарын көбейтесіз. Жұлдыздар денсаулыққа жіті мән беруге кеңес береді.

Торпақ

Жаман ойдан аулақ болыңыз. Сонда ғана денсаулығыңызға еш қауіп жоқ. Көп нәрседен күдіктеніп, өз-өзіңізге ауру шақырмаңыз. Күн суықта мейлінше жылы киініп жүру керегін ескерген жөн.

Егіз

Белсенділік танытып, барлық шаруаға үлгеремін десеңіз уақыт үнемдеңіз. Тек нақты тапсырмамен айналысыңыз. Аптада жақын жандарға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Шаян

Айналаңызда қызықты оқиға­лар орын алады. Жұлдыздар ешқайсы­сы­на араласпауға кеңес береді. Көпші­лік ортада көзге түспеуге тырысыңыз. Шығармашылық жандарға апта тиімді болмақ.

Арыстан

Апта ерекше тосынсыйға толы. Өзіңіз жақсы танитын адамның ерсі қылық танытуы сізді таңқалдырады. Дегенмен ненің жақсы, ненін жаман екенін білетін уақыт келді. Достың да қастық жа­сай­тынына көз жеткізесіз.

Бикеш

«Біреуге ор қазба, өзің түсесің» деген тәмсілді естен шығармаңыз. Аяқ­тан шалу кісілікке жатпайды. Жұл­дыз­дар ешкімнің ісіне араласпауға ке­ңес береді, сонда ғана жұмысыңыз жеңілдейді. Сақ болыңыз.

Таразы

Аптада сәттілік серігіңіз болады. Кәсіби біліктілігіңізді арттырып қана қоймай, өзіңіз де өзгелерге білгені­ңізді үйренесіз. Жұлдыздар жұмыс ауыстыруға кеңес береді. Бұл – жетіс­тікке жетудің бір жолы.

Сарышаян

Жеке өміріңізде жағымды жаңа­лықтар орын алмақ. Бұл жағдай сіз­ді ерекше қуанышқа бөлейді. Апта кәсібіңізді дөңгелетуге, жетістікке же­туге қолайлы болмақ.

Мерген

Егер артық салмақпен күресуді көздеп жүрсеңіз, спортпен шұғылда­ны­ңыз. Сонда ғана ойыңыз жүзеге асады. Салмақтан да арыласыз. Ап­та­ны қызықты өткізу үшін жақсы жоспар құрыңыз.

Тауешкі

Арқаны кеңге салып, тыныштықта демаламын деп ойласаңыз, қателе­сесіз. Тапсырма көп, олардың барлы­ғын тез орындау қажет болады. Сон­дықтан уақыттың қадірін біліңіз.

Суқұйғыш

Жер дөңгелек екеніне тағы бір мәрте көз жеткізесіз. Бұрынғы жақыныңыз сізге жақын жерден жұмысқа орналасады. Оны күнде көру керегіне қынжылмаңыз. Бұл келеңсіздік сізге тағы бір мүмкіндік сыйлайды.

Балықтар

Жұлдыздар өткен күнді ұмытуға кеңес береді. Сонымен бірге алғашқы махаббатты да ұмытқан жөн. Жүре­гіңізді жаралаған адамды ойлай бермей, өмірге өзге көзқараспен қарау керегін ескеріңіз. Сонда ғана махаббатта жолыңыз болмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!