Тоқты

Апта сәтті басталады. Егер асығыстық таныт­пасаңыз, ешқандай қателікке бой алдыр­майсыз. Сонымен қатар барлық мәселеде жалғыз өзіңіз шешім қабылдағаныңыз жөн.

Торпақ

Қандай мәселе орын алса да, өз ақылыңызды тыңдаңыз. Сонымен қатар қаржылық мәселені бірыңғайлайсыз. Аптада өмірдің жаңа баспалдағын аттайсыз. Өзіңіздің жоспарларды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт.

Егіз

 Достарыңыздан хабар күтіңіз. Жақсы жаңалық болуы мүмкін. Десе де шешім қабылдағанда абай болыңыз. Барлық шаруаны орындау, мақсатқа жету оңайға соқпайды. Бірақ сіз еш берілмейсіз. Табандылықтың арқасында біраз жетістікке жетесіз.   

Шаян

Ештеңеге алаңдамаңыз. Көп күш жұмсамас­тан біраз жетістікке жетуге мүмкіндік бар. Сіз барлық мүмкіндікті көре аласыз. Сүйгеніңізбен бірге болыңыз. Ол өзін жалғыз сезініп жүр, қолдау көрсеткеніңіз жөн.

Тауешкі

Сабырлы болуға тырысыңыз. Кейде айнала­ңыздағы адамдар сізді әдейі ашуландыруы мүмкін. Сондықтан арандатушыларға ермеңіз. Жоспарды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт. Болашағы зор жұмысқа орналасуға немесе жаңа кәсіп бастауға қолайлы сәт.

Арыстан

Адамдармен тіл табысу қиынға соғады. Тіпті, жақын адамдардың өзі сізді дұрыс түсінбеуі мүмкін. Ойлау қабілеті терең жандар орын алған оқиғалардың соңы қалай аяқталатынын жақсы біледі. Сондай-ақ барлық жұмыста белсенділік танытып, оң шешім табуға атсалысады.

Бикеш

Бұрын қолыңыздан келмеген шаруаларды аптада соңына дейін жеткізесіз. Іскерлік және жеке қарым-қатынасты қалыпқа келтіре аласыз. Барынша сабыр сақтай біліңіз. Егер шыдамсыздық танытсаңыз, көп қателік жіберуіңіз мүмкін.

Таразы

Ойланыңыз. Егер алдағы күндерге жоспар құрсаңыз барлық жұмысыңыз алға басады. Өз мүмкіндігіңізді пайдаланып, барлығын дөңгелетесіз. Ұстаздар, кеңесшілер, саудагерлер және делдалдар үшін өте сәтті апта болмақ. Бұл жандар табысты болады. Әсіресе, топ болып жұмыс істейтіндердің айы оңынан туады.

Сарышаян

Қызметте жолыңыз болады. Қалтаңыз да қа­лың­дайды. Бірақ қалта қалыңдайды деп достары­ңызды ұмытып кетпеңіз. Аптада сәттілік серігіңіз болады. Соңғы уақытта сызат түскен қарым-қаты­насты қайта қалыпқа келтіресіз. Ескі қателіктерді де жөндейсіз.

Мерген

Аптаңыз жақсы басталады, уақытыңыз бекерге өтпейді. Ойын-сауық кештерге баруыңыз мүмкін. Алғашқы күндерді сергек өткізуге тырысыңыз. Аздаған қиындықтар болады, алайда алаңдауға негіз жоқ. Бәрі реттеледі.

Суқұйғыш

Өміріңізде қандай мәселе туындаса да, алдымен жақындарыңыз бен туыстарыңызды тыңдаңыз. Ешқандай жағдай отбасылық құндылықты жоймауы керек.  Өзіңізге не керек екенін, кімнің жақын екенін айқындайтын уақыт. Ойланып, болашаққа жоспар құрыңыз.

Балық

Апта ерекше көңіл-күй сыйлайды. Бір уақытта бірнеше жұмыс істеуіңізге тура келеді. Оған еш ренжімейсіз. Бірақ назарыңызды бір жұмысқа аударғаныңыз дұрыс. Аптада достарыңызбен бас қосасыз, мерекелік кеш көп болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!