Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Sputnik. Киевте қастандық жасалып, жансақтау бөлімінде жатқан журналист Айдос Садықов көз жұмды. Бұл туралы оның әйелі өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

«Он үш күн бойы Айдос реанимацияда өмір сүру үшін күресті, бірақ аман қалмады», – деп жазды ол.

Садықов 2014 жылдан бері Киевте тұрған. 18 маусымда оған қастандық жасалған еді.

Садықов 2014 жылдан бастап Киевте тұрады. Ол өз Отанында ұлтаралық және әлеуметтік алауыздықты қоздырды деген күдікпен іздестірілген. 18 маусымда Садықовқа бірнеше рет оқ атылды. Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы блогер Садықовқа қастандық жасады деген бір күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын.

«Жақанбаев 21 маусымда Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына өз бетінше жүгінді, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды», – делінген хабарламада.

Екінші күдікті Қаратаевтың орналасқан жерін анықтау үшін прокуратура жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлады қадағалау органы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!