Бүгінде еліміз бойынша гуманитарлық салаға қарағанда техникалық мамандардың тапшы екені баршаға аян. Оны ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде баса айтып, жастарға мектеп қабырғасында кәсіби бағдар берудің маңызына тоқталып, білім мен ғылым саласының алдындағы ендігі бағытты айқындап берді.


Айта кету керек, бұл бағытта «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жүйелі жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта білікті жас кадрлардың аздығы жол саласында қатты сезіліп отыр. Сондықтан орталық мамандары бірнеше жылдан бері аймақтағы мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, жолшы мамандығының қыр-сырын түсіндіріп, кәсіби бағдар беріп келеді. Былтыр филиал қызметкерлері облыс аумағында 147 білім ордасын қамтып, жоғары сынып оқушыларын жол саласы мамандығын таңдауға шақырды. Оның ішінде 90 мектеппен онлайн «ZOOM» платформасы арқылы, 57 мектепке оффлайн түрде бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Мағжан ҚАСЫМХАН,


Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының зертхана меңгерушісі м.а.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!