Мен тәуелсіз елдің жас ұланымын. Мектебімнің, ата-анамның мақтанышымын. Өз елімді, жерімді және де барлық айналамдағы тіршілік иесін жақсы көремін. Уақытымның көп бөлігі білім алумен, спорттық үйірмелер мен қоғамдық жұмыстармен айналысуға және отбасыма, іні-қарындастарыма жәрдемдесумен өтеді. Достарыммен жиі-жиі кездесіп, түрлі тақырыптарда пікір алмасып тұрамыз. Бір-бірімізге жәрдемдесіп, уақытты тиімді ұйымдастырумен өтеді. Отбасымда әкем мен анам,  мені жиі-жиі іні-қарындастарыма үлгі ретінде көрсетеді, зор сенім артатынын айтады.

Сондықтан болар, қазіргі заманның ғасыр дерті болған-есірткі, нашақорлық деген зиянды әдеттерден аулақ болуым. Есірткі –жас әрі сау организмді құртатын, жоғалған денсаулықты қайта қалпына келтіре алмайтын улы зат. Сонымен қатар ешқандай себепсіз ашулануға алып келетің, мастықты шақыратын адам деңсаулығына зияны мол өнім. Оның құрамы адам денсаулығына, психикасына, тіптен айналасындағы адамдарға да әсер ететін қауіп. Қолданған адам алдымен ақшасын шығын қылады, екіншіден денсаулығын құртады. Соңында жақындарынан, туыс-бауыр, достарынан алшақтайды.  Кейбір жас қаншалықты зиян екенін біле тұра, тура жолдан кетіп жатады. «Адам аласы ішінде» дегендей, түрлі арбау, алдауларға түсіп қалады.  Сондай алдауларға түсетін, түрлі отбасы проблемасы,  күйзеліс пен сабақта үлгермей жүрген  балаларды таңдайды. Осының әсерінен  ортамызда есірткі тұтынушылар көбейеді. Бірақ, адам баласының ерік-жігері мықты болса, дер кезінде «жоқ» деп айта алады. Айтуымыз да қажет. Ортамызда жүрген достарымызды зиянды әрекеттен сақтауға тиіспіз. Көбірек  көңіл бөлуге, ортақ қызығушылық арқылы жақсылыққа бағыттау-әрбір достың міндеті деп білемін. Дені сау азамат болып өссек, еліміз де күшті болмақ. Достар, зиянды әдетке бой алдырмайық!

Ботагөз Мұхаммеджан,

Қызылорда қаласы

С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің

6 «В» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!