#есірткігеқарсы #противнаркотик

Тамағы тоық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақытың болды ғой.

( Абай)

Абайдың осы керемет дана сөзін оқыған сайын, қазіргі жастардың өмір айнасы еске түседі. Қолы бос, тамағы тоқ, жұмысы жоқ жастардың істерге ісі қалмай, жаман әдеттерге,атап айтсақ,есірткіге бас ұратыны қазіргі қоғам шындығы. « Арақ ішкен- азат, есірткі шеккен- тозат». Заманымызда етек алған кеселді дерттерінің бірі-нашақорлық. Бұл-бүкіл қоғамның қасіреті, бұл-болашағымызға қауіп төндіретін індет. Мамандардың айтуы бойынша жасөскін ұлдардың 50%, қыздардың 18%-ы есірткі тұтынады екен. Ал нашақорлық 12 жастан басталады. Халықаралық ақпараттың айтуы бойынша тіпті 9 жастан нашақор атанып жатқан жасөспірімдер кездеседі екен.

Болашақ жаңа Қазақстан құраушы! Ел ертеңі! Өміріңді қор ететін есірткі кеселінен бойыңды аулақ ұста.«Мен еркінмін!, Мен тәуелсізбін!», -деп өміріңді, болашағыңды құртатын әдеттерге жоламағаның жөн. Мақсат, сезім мен сенім, ұят, қуаныш, ниет, болашақ, бәрінен де айырыласың. Түбі сені тек өлім күтеді. Иіскеудің, тартудың, егудің еш айырмасы жоқ. Тек-тәуелділік. Зиянын білсең де қоя алмайсың. Санаңды, тәніңді улайды. Айналаңа тек бұлыңғыр көзқараспен қарап, жарқын болашаққа қадам баса алмайсың. Одан тіпті арылу да мүмкін болмайды.

Айналаңа қара! Ойың бар, санаң бар, ешкімнен кем емессің. Сен тек жақсы өмірге лайықтысың. Жоспар құр, мақсат ет, жақсы орта тап. Күл, ойна, шаттан. Саған ешкім кедергі емес. Есірткіге әуес болу- шектеу. Өзіңді бар жағдайдан арылту, тоқтау. Өкінішке апаратын қадам. Өмірдің бар мүмкіндіктерінен айырылып қалу. О, жас өрен.

Ойды түзе, ақыл жина,пәк ниет,

Болашағың мына өзіңнің қолында,

Денсаулықтың бар кезіне шүкір ет!

Ақмаржан Нұрлыбекқызы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!