Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Бұл ауруға Қазақстан халқының шалдыққаны да байқалады. Негізінен, есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. «Бір рет қолдансам  ештеңе етпейтін шығар» деген оймен, оған соңында қалай тәуелді болып қалғанында сезбей қалады.

Есірткінің  мақсаты – мемлекетті ұлттық санасынан айырып, есірткіге тәуелді ету. Яғни, отарға айналдыру.  Есірткінің әсерінен елімізде  көптеген қылмыстар орын алып, жастар өз өміріне балта шапқанмен бірдей.

Қазіргі таңда есірткі айналымына барлық елдерде шектеу қойылған. Біздің мектебімізде үнемі нашақорлыққа қарсы сауалнама, акция мен сайыстар жүргізіліп отырады. Өткізілетін іс –шараның мақсаты-жасөспірімдерді мектеп қабырғасынан бастап есірткі, темекі сияқты зиянды заттар мен әдеттерден бойларын алшақ ету. Осы іс-шара арқылы қаншама оқушылардың өмірге деген көзқарастарын дұрыс пікірде қалыптастыру.

Балалардың бос уақыттарын пайдалы іспен шұғылдануға баулап, жан-жақтылыққа үйрету.

Өзімнің жарқын болашаққа айтар жылы лебізім, есірткі сізден көп есе күштірек. Кез келген уақытта абыройсыздыққа әкеледі, өміріңе қауіп төндіреді. Рух пен жанның дамуын тежейді. Сондықтан есірткі деген кеселге жолмайық, арбау-алдауға көнбейік. Жарқын болашаққа жағымды мінез-құлықпен қадам басайық. Әрдайым позитивті, оптимистік көзқараспен өмір сүрейік!

Аяна Жақсыбаева,

Қызылорда қаласы

С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің

9 «Б» сынып оқушысы