Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергеновамен кездесіп, аймақтың эпидемиологиялық ахуалын талқылады.

«Сіз жауапты кезеңде жаңа қызметке келіп отырсыз. Өзіңіз білесіз, қазір пандемия уақытында сіздің салаңыздың жүгі ауыр. Сондықтан бәріміз үшін ең басты міндет – халықтың денсаулығы. Өңіріміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында тиісті жұмыстарды атқарады деп сенеміз. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Сондай-ақ облыс әкімі департамент басшысына халық арасында карантин талаптарын сақтау бағытындағы түсіндірме шараларын жандандыруды жүктеді. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!