Қымбатты жерлестер!

Сіздерді мемлекеттік мерекеміз 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кү­ні­мен шын жүректен құт­тық­таймын!

Тәуелсіз еліміздің әлем картасында өз орнын алып, жер-жаһанға танылуында оның іргетасын қалап, ше­карасын шегендеген Тұңғыш Президентіміз-Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор.

Біз үшін ең маңызды құндылықтар – елдің ауыз­біршілігі мен бейбіт өмір­дің арқасында алға нық адымдап, мемлекет ретінде дамуға мүмкіндік алдық.

Сондықтан да, Тәуел­сіздік туы желбіреген 30 жылға жуық мерзім ішінде қол жеткізген зор же­тістіктеріміздің бәрінің бас­тауында Елбасы тұр деп мақтанышпен айта аламыз.

Осы ретте, Тұңғыш Президент күні мерекесінің ресми бекітілуі – халықтың Елбасына деген шынайы құрметі мен ыстық ықыласы.

Баршаңызды Ұлы Да­ланы Мәңгілік елге айнал­дыруды мақсат еткен Тұңғыш Президентіміздің идеясы аясында бірігіп, сүйікті Қазақстанымыздың әлемдегі аса қуатты мем­лекет болуына аянбай еңбек етіп, бірлігімізді, бейбіт­шілігімізді одан әрі сақтауға шақырамын.

Сіздерді Тұңғыш Пре­зидент күнімен құт­тықтай отырып, мықты денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке, амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмыры мәңгілік болсын!

Еліміз еңселі, елін сүйген Елбасымыз аман болсын!

Облыс әкімі

Гүлшара Әбдіқалықова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!