Фото: КазТАГ

Бүгін, 18 наурызда Алматыда жеті жасар Карина Закураеваны өлтіру фактісіне нүкте қойылды. Оны өлтірді деп айыпталған өгей шешесі Балжан Тұрлыбек кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамды өлтіру») бойынша сотталды.

“Сот қылмыстық істі қарап, Балжан Тұрлыбекті кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды», – деді сот отырысында төрағалық етуші Ерлан Болатов.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бері Балжан Тұрлыбек бірінші некесінен кішкентай қызы бар азаматпен бірге тұрады. Қыз бала қуығы ұстамайтын аурумен ауырған.

2023 жылдың жазында сотталушы баланың бұтына жіберіп қойған жағымсыз иісін сезіп, ашуланған. Айыптаушы тараптың айтуынша, ол өгей қызының мойнынан ұстап, басынан ұра бастаған, содан кейін оны жуынатын бөлмеге сүйреп апарған, сонда ол басын ваннаның шетіне қатты соққан. Бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!