Қызылорда облысы бойынша¬ ҚАЖД №60 мекемесі жедел бөлімі қызметкерлерінің жүргізген жедел жұмыстары нәтижесінде ҚР ҚҚ 188 бабының 3 бөлігі 3 тармағымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған 1994 жылы туылған Р. есімді азамат бостандықта болған уақытында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмысын жасағаны жөнінде өз еркімен мәлімдеме жасап, кінәсін толық мойындаған.

  • «Жасаған қылмысымды мойындап, берілген жазаны толықтай өтеймін және жасағаным ісім үшін өкінемін, тіпті енді қайталамауға бекіндім,» – деді сотталушы Р.
    Өз кінәсін мойындаған адам алдағы уақытта бұл кінәсін қайталамауға күш салатын болады. Мойындаудың астарында діни тілмен айтқанда тәубеге келу жатады. Яғни, айыбы үшін өкініп, енді бұндай теріс қылықты қайталамаймын деп іштей түйсіну адамды ондай жаман әрекетке барудан сақтандырмақ.
    Дәстүрлі діндердің бәрінде бар тәубеге келу түсінігінің астарында жасаған теріс әрекетін ең алдымен мойындап, соны түйсіну жатады. Содан кейінгі қадам: өзіне абырой әпермейтін мұндай теріс әрекетті алдағы уақытта жасамауға деген ынта болмақ.
    Аталған қылмыстық оқиғаға байланысты жинақталған құжаттар процесуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасына жолданды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!