Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде ҚАЖД, ОПД, ТЖД және ҰҰ 5547 әскери бөлімімен бірлесіп, жеке құрамның тактикалық тәжірибесін арттыру мақсатында «Сотталғандардың топтасып бағынбаушылық іс – әрекеті» тақырыбында тактикалық оқу – жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу – жаттығуға Қызылорда ОПД – нен 62 қызметкер, ТЖД – нен 10 қызметкер, ҚАЖД – нен 60 қызметкер және ҰҰ 5547 әскери бөлімінен 160 сарбаз қатысты. Оқу – жаттығу кезінде жеке құрам арнайы құралдармен жабдықталып, тізбеге сәйкес 3 автокөлік (авто зак), 1 дана тигр автокөлігі, 1 дана жедел жәрдем автокөлігі, 9 қызметтік ит қолданылды. Шара соңында арнайы – тактикалық оқу – жаттығу өткізілгендігі жөнінде хаттама толтырылып, басшылық тарапынан «қанағаттанарлық» деген баға берілді.


Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!