Фото: Pexels

KAZINFORM – Орал қаласындағы 16 бөбекжайдың атауы ресми түрде өзгерді. 

Орал қаласы білім бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, ономастикаға байланысты қоғамда жиі талқыға түскен мәселе ұлттық мүдде талабына сай өзгерді. 

— Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23 ақпандағы № 46 Орал қаласының білім саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының атауларын өзгерту туралы  қаулысына сәйкес, № 3 «Елочка» бөбекжайы — «Зерде» бөбекжайы, № 4 «Березка» бөбекжайы — «Самал» бөбекжайы, № 8 «Сказка» бөбекжайы — «Арай» бөбекжайы, № 12 «Аленушка» бөбекжайы — «Бұлбұл» бөбекжайы, № 13 «Золотой ключик» бөбекжайы — «Зейін» бөбекжайы атауын иеленді. Сол секілді № 14 «Колосок» бөбекжайы — «Алтын дән» бөбекжайы, № 16 «Лесная сказка» бөбекжайы — «Ертегі» бөбекжайы, № 17 «Родничок» бөбекжайы — «Ақжелкен» бөбекжайы, № 19 «Золотой петушок» бөбекжайы — «Дарын» бөбекжайы, № 21 «Росинка» бөбекжайы — «Алпамыс» бөбекжайы болып қайта аталды. Сондай-ақ № 22 «Колобок» бөбекжайы — «Жұмбақтас» бөбекжайы, № 23 Круглоозёрный ауылы бөбекжайы — «Шамшырақ» бөбекжайы, № 24 «Солнышко» бөбекжайы — «Күншуақ» бөбекжайы, № 25 «Снежинка» бөбекжайы — «Тұмарым» бөбекжайы, № 32 «Колокольчик» бөбекжайы — «Самұрық» бөбекжайы, № 33 «Орленок» бөбекжайы — «Шаңырақ» бөбекжайына айналды, — деп хабарлады ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!