«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Швеция азаматшасын Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы мен Швецияның қос азаматтығы бар 57 жастағы әйелді ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімі бойынша Швеция азаматшасы 200 АЕК (690 000 теңге) сомасына әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!