Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Ата-ананың жүріс-тұрысы, сөйлегені, іс-әрекеттерінің барлығы бала үшін үлгі. Осы негізде бала алдында ата-ана өте байсалды, сабырлы болып, жақсы тәрбие көрсетуі керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы зор. Отбасы деген шағын мемлекеттің керегесі берік, бақытты болуы үшін, ең бастысы өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.
Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін. Бақытты отбасы шаңырағында тәрбиеленген бақытты балалар көп болсын.

Б.АЛТЫНБАЙ,
Қызылорда қаласының
№2 сотының аға сот приставы