Отанды сүю, қорғау жай ғана сөзбен көрініс табатын дүние емес. Әрбір азаматтың еңбегі мен бар күш-жігері Отан үшін жұмсалғанда ғана патриотизм жайлы айтуға болады. Қазір әскерге ынталы буынның азаюы тұтас елді алаңдатып отыр.

 «Көптеген жастар Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашады. Әскери билетке ие болу жастардың мақтанышын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу ‒ айрықша миссия. Бұл ‒ Отан үшін жанын салуға бел буған азаматардың саналы таңдауы. Жастарды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі бұл мәселенің қоғам үшін айрықша маңызды екенін көрсетті.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінде қазақ халқының төл тарихянда талай жаугершілік заманды, ашаршылықты, қиындықты бастан өткергеніне тоқталды. Ата Заңымыздың 34-бабында «ҚР қорғау -әр азаматтың қасиетті парызы әрі міндеті» екендігі айтылған. Бұл мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуде қазақ әскерінің күші маңызды екенін көрсетеді. Сонда ғана шекарамыз шегендеулі, шебіміз мықты ел боларымыз анық.

Аманжол Оңғарбаев,

облыстық мәслихат депутаты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!