Павлодар облысының Май ауданында тағы да шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.  Тілсіз жау Баскөл ауылдық округіне қарасты Жаңатілек ауылының жанындағы Ертіс өзенінің жағасында тұтанған.

Облыстық төтенше жағдай департаменті 22 қазан күні аталған орында жаңа шабылған 70 тоннаға жуық шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

«23 қазан күнгі сағат 10:30-дағы жағдай бойынша өрт 5 ошақта 140 гектарға жуық аумақта тіркелген», – деді департамент өкілдері.

1 ошақ – 15 га, 2 ошақ – 25 га, 3 ошақ – 37 га, 4 ошақ – 39 га, 5 ошақ – 24 га.

«Қолайсыз ауа райына байланысты өртті сөндіру қиынға соғуда. Оған қоса, 23 қазанда Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Ауылдарға қауіп жоқ, – деп көрсетті облыстық ТЖД.

Оқиға орнында ТЖД-дан 4 техника, 23 адам, Баскөл өрт сөндіру бекетінің, Көктөбе орман шаруашылығының, Майсервис кәсіпорнының қызметкерлері және ерікті 50 адам өрт сөндіруде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!