Ағымдағы жылдың сәуір айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс оқушылары арасында қазақ ұлттық ойындары өткізілді. Іс-шараға 500-ден астам бала қатысты.


Қатысушылар: «қол күрес», «бұқа тартыс», «ләнгі тебу», «асық», «батпан көтеру», «бес асық», «қыз қуу», «шоқпарласу» қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Жарыстарға жоғары сынып оқушылары қатысты. Өткізілген ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар аталды.
Полиция қызметкерлері жүлделі орындарға ие болған қазақ ұлттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтап, сыйлықтар табыс етті.


Жарыс барысында оқушылар күшімен концерттер ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар осындай жарыстарға жиі қатысуға ниет білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!