Премьер-министр Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда Ресей Федерациясынан келушілер санының артуына қатысты қалыптасып отырған ахуал талқыланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Келіп жатқан адамдарды өңірлерге орналастыру, олардың жұмысқа тұру ықтималдығы және консультациялық қызмет мәселелері бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, мигранттарды тіркеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, арендалық тұрғын үй нарығының құқықтық аспектілері туралы Әділет министрі Қанат Мусин баяндады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!