Ауа-райының қолайсыздығынан туындаған электр желілеріндегі ақауды қалпына келтіру мақсатында қазіргі уақытта электр тарату тораптары мекемесінен Қызылорда қаласы бойынша 6 бригада, қаланың шеткері аумағы, Қызылжарма ауылдық округі бойынша (Қызылжарма РЭС) 2 бригада, ауылдық округтер мен кент бойынша (Тасбөгет РЭС) 3 бригада жарық өшкен жағдайда аумақтарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын тұрғандығын жеткіземіз.

Электр жарығы өшкен жағдайда 109 немесе қала бойынша 23 56 43 , Қызылжарма РЭС 24 21 32, Тасбөгет РЭС 21 50 05 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.

Қосымша ақпарат: егер су жүйесінде ақау туындаған жағдайда 23-04-45 , +7 777 004 9888, төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 , жылудан ақау туындаған жағдайда 109, газ жүйесіндегі ақау бойынша 104 нөмірлеріне хабар беру қажет.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!