Қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттік өмір. Әрдайым жаңалық пен қадамға, тәуекелге толы.  Жоғарғы оқу орынын аттаған студент жауапкершілікті түсінеді. Бұл өзіңді маман ретінде қалыптастырудағы ұзақ жол. Ал қоғам келешектің кепілі болатын жастардың жағдайымен таныс па?

Студенттің мақсаты – білім алу, маман иесі болу. Осы жолда жаңа ортаға бару мен тұрмыс тіршіліктің түгелдей алмасуы үлкен әсер етеді. Өміріңнің өзгергенін байқайсың. Университет тәртібі, жатахананың тынысы, үйреншікті іс-әрекетіңнің түбегейлі өзгеруі сені бір тап жалғыз өзіңді теңіз ортасында қалдырғандай сезімге жетелейді. Жатақхана демекші, студенттеріміздің барлығына бірдей орын жеткілікті болмауы өте қатты қынжылтады. Орташа есеппен әр университетте 5 жатақхана болады. Биыл оқу жылын бітірген түлектер саны 170 мың, грант саны 56 мың, ал бұл сан жалпы алғанда өткен жылдардан жоғары. Өзге қалалардан келген бірінші курс студенттері ғана жатақхана алады. Шарасыздықтан пәтер жалдау, ата-анамның мойнына масыл болмайын деп қосымша жұмыстар істеп, оқу үлгерімін қоса алып жүру қиындық тудырады. Пәтер жалдамаған студеттер саябақтар мен мотельдерді түнеуде немесе қонақ үйлерді бірнеше айға жалға алады.

Пәтер бағаларының жыл сайын күрт артатыны барлығымызға мәлім. 2022 жылы жалпы  пәтер бағасы әр квадрат метріне шаққанда 16500 теңгені құрады, яғни айына орташа есеппен 1 бөлмелі пәтер 300 мың теңге. Бір мезетте барлығына үлгеру студенттер үшін тым үлкен жүк. Ол алдымен білім алуы керек пе, әлде пәтер ақысын төлеу үшін жұмыс істеу керек пе? Ал азық-түлік бағасының шарықтауы қазір таңқалдырмайды да. Түнейтін жер ала алмай, жаңа қалаға келген студенттер вокзалдар мен саябақтарда түндерін өткізуде. Одан бөлек,  ауылдық жерлер мен аудандарда тұратын студенттердің жағдайы мүлдем қарастырылмаған. Мәселен, Алматы облысының маңындағы Талғар ауданында тұратын студенттер қалаға оқуға келеді. Олардың таңы 4-тен бастап атады, кептеліс пен жол бойына күніне босқа 5 сағатты жұмсау оңай емес. Арнайы кесте мен сағаттар бөліп, орналасқан жерлеріне қарай сабақтар өткізсе мәселені кішкене болса шешуге жол табылушы еді. Орайы келгенде менің хатымды жариялайсыздар деген үміт бар…

   Әнел САЛМАН,

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық

қатынастар және әлем тілдері

университетінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!