ЗК-169/5 мекемесінен 12 сотталған азамат бостандыққа шықты. Осыған сәйкес босатылғандармен «Қақпа алдында кездесу» шарасы ұйымдастырылды. Бұл жоба – сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыруда, қоғамға бейімдеуде маңызы зор.
Шараға Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлері мен мекеменің психолог, медицина мамандары қатысты. Кездесу барысында жазасын өтеп босатылған адамдардың бостандықтағы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Кейбірі ішкі істер органына есепке алынуы тиіс болса, енді бірінің пробация қызметіне тіркеліп, жұмыс таңдауына, орналасуына, әлеуметтік көмектер алуына мүмкіндігі бар екені айтылды.

  • Жаза мерзімімнің өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды. Түзеу мекемесінде өткен уақыттарым арқылы әр нәрсеге байыппен қарауға үйрендім. Заң шеңберінен аспауға бекіндім. Бұл маған өмірлік сабақ. Жаңа айтып жатқан пробация қызметінің көмегі арқылы алдағы уақытта қоғамға бейімделіп, аяққа тұрсам деген мақсатым бар,-деді жазасының өтелмеген мерзімі жеңіл жаза түріне ауыстырылған сотталған.
    Жалпы босатылған 12 азаматтың 2-уі мерзімінің аяқталуына байланысты босатылса, 5-нің өтелмеген мерзімі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды. Ал 5-уі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!