Тарихи шешімді облыстық Мәслихат кеше мақұлдады.

Қазақ радиосының тарихы Қызылорда қаласымен тығыз байланысты, себебі бір кездері радио Қызылорда қаласынан 5-6 жылдай әуе толқынына шығып, кейін көш Алматы қаласына қарай бой түзеді.

Қазақ радиосының ғасырлық тойы қарсаңында ұжымның ниетін қолдап, радионың атын айшықтауға жан-жақты қолдау көрсеткен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваханымға және барша жанашыр жандарға, алғыс айтамыз.

Мәслихат шешімі жақын күндері Әділет басқармасынан тіркеуден өтіп, қаладағы бұрынғы «Саяхат-11» көшесі – «Қазақ радиосы» көшесі болып қайта аталады.

Құтты болсын! Қазақ радиосына – 100 жыл!