Қазақстандық кәсіпкер кешелі бері үлкен сынның астында қалды. Ол жиындардың бірінде орысша сұраққа қазақша жауап бергендерде «ұлтшылдықтың сәл көрінісі барын, бұл жағдай үлкен мәдениеттің белгісі емес екенін» айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кәсіпкер Рәміл Мухоряповтың көпшілік алдында сөйлеп жатқан видеосы тарады. Ол жиында орысша сөйлегендерге Қазақстанның азаматтары қазақша жауап берсе не болады деген мәселе талқыланған. Сол кезде кәсіпкер ойын аталған мәселеге байланысты былай білдіреді.

«Егер мұндай болса қатты қапаланар едім. Меніңше, бұл сәл біртүрлі. Ұлтшылдықтың сәл көрінісі. Бұл үлкен мәдениеттің белгісі емес. Біздің меймандығымыз бәрін көтеріп кетуі керек», – дейді ол.

Кәсіпкердің осы сөзіне реакция тым көп. Жұрттың көбі тіпті Мухоряповқа тиесілі «Chocolife.me, Chocotravel, Chocomart.kz, iDoctor.kz» өнімдерінен бас тартып жатыр. Ал Рәмілдің өз инстаграм парақшасына кешелі бері 10 мыңға жуық қазақстандық пікір қалдырған. Осылайша, қазақ тіліне қарсы сөйлеген Рәміл Мухоряповтың өнімдерінен жұрт жаппай бас тартып жатыр. Көбі кәсіпкерге ашулы. Ал Мухоряпов өз постына қалдырған комментерінің бірінде сөзі «контексттен жұлынып алынып берілгенін» айтып ақталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!