Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көшеде түкіруге тыйым салу туралы журналистердің ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Брифинг барысында «Қалай ойлайсыз, көшеде түкіруге тыйым салу керек пе? Мысалы, Еуропада ондай проблема жоқ. Ал бізде аялдамалар мен қоғамдық орындарда түкіріктен аяқ алып жүру қиын», –  деп сұрады журналист.

 «Мен қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толығымен қолдаймын. Бұл мәдениет, бұл гигиенаға және тәрбиеге қарама-қайшы. Барлығымыз бірге депутаттарға осындай бастама көтеруіміз керек», – деді Ажар Ғиният. 

Министр мұндай бастама заңға енбей тұрып әуелі қоғамда талқылануы керектігі туралы айтты.

«Тыйым салу деген сөз, заң тұрғысынан алсақ, салдары жауапқа тарту мәселесін қозғауы мүмкін. Сондықтан әбден пісіріп, қоғам талқысынан өткізу керек деп ойлаймын», –  деді Ажар Ғиният.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!