21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, соған байланысты жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы түнде 22…30℃ дейін төмендейді.
«Қазгидромет» РМК 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Оңтүстік циклон Каспий теңізінің үстімен солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашынның, желдің күшеюіне ықпал етеді. Сондай-ақ, солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады. Алайда, 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, соған байланысты жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы түнде 22…30℃ дейін төмендейді», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!