2022 жылы запастағы 190 офицер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылады. Үкімет запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын», – делінген құжатта.

Әскери қызметке барлығы 190 запастағы офицер шақырылады.

Қазақстанның Қарулы күштеріне 150, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 офицер шақыру жоспарланып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!